Павлодардың қаржы полициясы жылдың басынан бері пара алудың 10 фактісін анықтады

None
None
ПАВЛОДАР. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қаржы полициясының қызметкерлері 14 маусымда Павлодар облысы ауыл округтерінің біріндегі әкім аппаратының бас маманын ұстады, деп хабарлады экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Оған жер учаскесін алуда арнайы есепке қойғаны үшін 15 және 20 мың теңге сомасында пара алды деген айып тағылуда.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының маманы жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталып, қамауға алынды. Ол ірі габаритті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат бергені үшін 12 мың теңге пара алған.

Сондай-ақ қаржы полициясы кәсіпкерден 70 мың теңге қаражат талап еткен сот актілерін орындау бойынша департаменттің мемлекеттік қызметкерін ұстады.

Жылдың басынан бері қаржы полициясы департаменті пара алу фактілері бойынша 10 қылмыстың бетін ашты.

Соңғы жаңалықтар