Павлодардың көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 59 лифт күрделі жөндеуден өткізіледі

ВЛОДАР. 12 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің 59 лифтісін күрделі жөндеуден өткізуге қала бюджетінен 63 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Шешім қалалық мәслихаттың отырыстарының бірінде қабылданды, лифтілері жөндеуді қажет етіп отырған үйлердің тізімі жасалды. Олардың барлығы нормативтік 25 жылды артқа тастап, пайдаланудан алынып тасталған.

«Әр лифтіні күрделі жөндеуден өткізуге екі апта уақыт кетеді, деп атап өтті «Павлодарлифт» ЖШС өндірістік бөлім меңгерушісі Михаил Редько. - Негізінен көтергіш механизмдерін, басқару блоктарын ауыстыру қажет. Бір лифтінің құны жұмыс түрі мен қосалқы бөлшектердің бағасына сай келеді».

«Павлодарлифт» ЖШС-і хабарлағандай, лифтілерді жөндегені үшін олар тұрғындардан ақы алмайды.

Соңғы жаңалықтар