Павлодардың Қызыл Жарты Ай қоғамы мүгедектерге сыйлықтар тапсырды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодар облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамы «Жаңа Жыл шаттығы - әр үйге» деген ұранмен мүгедек әйелдер мен көп балалы отбасыларына сыйлықтар тарту етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл қайырымдылық шарасына «Кэмми», «Ноко», «Аслан» ЖШС-і белсене қатысты, дейді Қызыл Жарты Ай қоғамы облыстық комитетінің төрайымы Индира Шамышева. Демеушілер қатары көбейе түсуде, бұл қайырымдылық ұйымының облыстың тұрмысы төмен адамдарына қолдау көрсету жөніндегі мүмкіндігін кеңейтуде. Жиналғандарға мерекелік концерт ұйымдастырылды, оған қатысқандардың бәріне де сыйлықтар мен азық-түлік жиынтықтары табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар