Павлодардың мал дәрігерлігі және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

ПАВЛОДАР. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодардың мал дәрігерлігі және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманына қатысты қозғалған қылмыстық іс қалалық №2 сотымен қаралды,
None
None

деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

 Шенеунік ветеринариялық диагностикалық тексерусіз  және алдын ала қараусыз жануарларға куәлік пен құжат,  мал саны туралы ресми құжат жасап, пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

 Сотталушы мүлкінің тәркіленуімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Өз жазасын жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтейді. Және де ол 5 жыл бойы мемлекеттік органда кез келген лауазым  қызметін атқару құқығынан айырылды.

 Сотталушының істі аппеляцияға беру құқығы бар, үкім заңды күшіне енбеді.

Соңғы жаңалықтар