Павлодардың полиция қызметкерлері Шешен Республикасының аумағында адам өлтіруге күдіктіні ұстады

ПАВЛОДАР. 18 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ - Павлодар ІІД қылмыстық полициясының қызметкерлері «Іздеу салу» операциясы кезінде Екібастұзда Ресей Федерациясының 1968 жылғы азаматын ұстады, деп хабарлады Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Оған адам өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Шешен Республикасының Грозный қаласындағы Октябрь ауданының ІІБ іздеу салуда.

Күдікті 2002 жылдың ақпан айында сыбайласымен бірге Грозный қаласындағы жеке үйге кіріп, үй иелерін соққыға жыққан әрі олардан ақша және алтын бұйымдар талап еткен. Үйдің ішіндегі әйелдердің бірін тұншықтырып өлтіріп, екіншісінің денесіне ауыр жарақаттар салған.

Қылмыскер уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Павлодар облысында өткізілген «Іздеу салу» операциясының барысында тергеу органдарынан және соттан жасырынған 19 қылмыскер ұсталды, оның ішінде тоғыз адам - ТМД елдерінің азаматтары.

Жылдың басынан бастап барлығы 32 адам ұсталды, 18 адам із-түзсіз жоғалған деп танылды.

Соңғы жаңалықтар