Павлодардың санитарлық дәрігерлері балалардың өміріне және денсаулығына қауіпті ойыншықтарды анықтады

Мамандар 187 ойыншық үлгілерін таңдап алған, тексеру нәтижесі бойынша олардың 10 пайызы денсаулыққа зиянды екенін анықтаған. Мәселен, лабораториялық зерттеу бойынша, доптың құрамында фенол табылған. Бұндай ойыншықпен ойнаған бала әлсіреп, терлеп, ашуланшақ болады екен.
«Человек на скейте», «Фотоаппарат», «Водоплавающая уточка», «Кубики», «Музыкальный бубен», «Сотовый телефон», «Тесто» сияқты ойыншықтардан стиролдың шамадан тыс екені анықталып отыр, ал бұл адамның улануына әке соғады..
Сылдырмақ пен ысқырық сияқты балалардың сүйікті ойыншықтары да тексеруден өте алмады, себебі дыбыс мөлшерінің артық болуы құлақ есту аппаратының және жүйкенің бұзылуына әкеліп соғады.
Санитарлық нормаға сәйкес емес ойыншықтардың бәрі сауда-саттықтан алынып тасталды. Ойыншықтарды жою жөнінде ұйғарым беріліп, материалдар сотқа тапсырылған.