Павлодардың село тұрғыны қолдан ақша жасады

ПАВЛОДАР. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың Ертіс селосының тұрғыны түрлі-түсті принтердің көмегімен 1 мың және 2 мың теңгелік ақша басып, өз бюджетін «толтырып» отырған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қаржы полициясына сілтеме жасап. Бір банкнотты «баспагер» жасөспірімге беріп, ештеңені сезбеген бозбала ол ақшаға азық-түлік дүкенінде сауда жасаған. Ақша жасағыштың өтініші бойынша, оның екінші бір танысы ұялы телефон карточкасын сатып алған. Ол такси жүргізушісімен де жалған ақшамен есептесіп, жүргізуші ол банкнотқа барып бензин құйған. Май құю стансасының операторлары ғанаақшаға күдік келтіріп, кезекші нарядты шақырған. Полиция сол күні кешке жалған ақша жасаушыны ұстап, оның қалтасынан «бояуы кеппеген» тағы бірнеше банкнотты тапқан.
Соңғы жаңалықтар