09:03, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодардың «жедел жәрдем» жұмысына заманауи басқару технологиялары енгізілді
ПАВЛОДАР. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің санитарлық көлікпен жабдықталуы 100 пайызды құрады, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының қорытынды алқасында.

2010-2012 жылдар аралығында «жедел жәрдем» үшін 75 жаңа мамандандырылған көлік сатып алынды. Тамыз айынан бастап көлік газбен жабдықталуға ауыстырылды, жанармайды үнемдеу 4,4 пайызды құрады.
2011 жылдан бері облыста бригадалардың жеделдігін арттырып, арнайы көліктерді орынды пайдалануға мүмкіндік берген GPS спутниктік жүйесі енгізілуде. Тәулік ішінде жүретін жол 316 шақырымнан 213 шақырымға дейін азайды, жанармай шығыны төрттен бірге азайды. Қазіргі кезде облыстағы 70 жедел жәрдем көлігі ғарыштық GPS-навигациясымен жабдықталды.