Павлодардың жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза сессия» шарасы басталды

None
None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза сессия» шарасы басталды.
Бұл акцияны «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қолдауымен жастар бірлестіктері өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқу орындарында хаттарға арналған жәшіктер орнатылды, емтихандар барысында орын алған «алым-салық» фактілерін хабарлауға болатын телефон нөмірлері жазылған күнтізбелер таратылуда. «Оқу орындарында пара алу фактілері жоқ деп айтуға болмайды. Барлық студенттердің хат-хабарлары егжей-тегжей тексеріледі, ал Павлодар мемлекеттік университетінде жемқорлықтары үшін жұмыстан шығып қалған оқытушылар бар»,- дейді «Нұр Отан» партиясының павлодарлық филиал төрағасының орынбасары Арман Әлиакпаров.
Соңғы жаңалықтар
telegram