«Павлодарэнерго» АҚ-да энергетикалық кәсіпорындар асханаларының аспаздары сайысқа түсті

ПАВЛОДАР. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - ЖЭО-2, ЖЭО-3, «ПРЭК» АҚ, «Энергетик» АКК, «Павлодар жылу желілері», қалалық электр желілері кәсіпорындарынан барлығы 7 топ энергетиктер үшін үздік түстік ас әзірлеу байқауына қатысты, деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ-ның баспасөз қызметі.
None
None

Аспаздық шеберлері даярлаған үстелдер - мерекелік қазақша ет пен жұмсақ бауырсақтар, хош иісті палау мен ұлттық аспаздық жаңалықтары - «Қазақстан» салаты мен «Павлодарлық дәмтатым» сияқты тағамдарға толы болды.

Қазылар алқасының қатысушыларға басты талабы - барлық тағамдар дәмді болуы тиіс. Ұсынылған тамақтардың түрлері, безендірілуі мен аспаздардың киімі де есепке алынды.

Бірінші орын «ПРЭК» және «ГПЭС» асханаларына берілді, ал екінші орынды ЖЭО-3 пен ЖЭО-2 аспаздары өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар