Павлодарға қатынайтын пойыздар бірнеше сағатқа бөгелді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жолаушылар бірнеше пойыздардың ұзақ бөгелгеніне шығымданды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ШҚО және Павлодар облысы арасындағы пойыздардың бөгелуіне ауа райының нашарлығы себеп болды. Көлікте қалған жолаушылардың өзі Дегелең стансасының маңындағы темір жолды қалың қар басып қалғанын айтты.

Жолаушылардың айтуынша, тиісті қызмет өз міндеттерін дұрыс орындай алмауда. «21 ғасырда өмір сүреміз. Жұмысқа кешігіп қалдым, осындай жағдайда қалдым десем маған кім сенеді? Бұл ақтайтын жағдай емес. Рельстерді неге уақтылы тазалап отырмайтынын түсінбеймін», - деді жолаушылардың бірі.

ШҚО-да боран салдарынан №375 «Лениногорск-Астана» 14 сағатқа кешіккені белгілі. Бүгін таңертең 10.35-те құрам Павлодарға жетті. «Павлодар-Алматы» №31 пойызы 11 сағат, «Защита-Астана» бағыты бойынша «Тальго» жүрдек құрамы - 5 сағат кешігуде.

Анықтама қызметі әзірге жағдайға түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар