14:01, 08 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Павлодарға келетін шетелдік туристерден алынатын жарна мөлшері белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар қаласының маслихаты шаһарға сапарлап келетін шетелдіктерден алынатын туристік жарна мөлшерін бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшері 2023 жылғы қазан-желтоқсанда әрбір тәулік үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшерінде (1 725 теңге) бекітілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Павлодар қалалық мәслихаты төрағасының шешім-жобасында.
Құжат 21 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
Қоса кетсек, таяуда Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында да шетелдіктер үшін туристік төлем енгізу ұсынылған болатын.