09:24, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодарға республикалық ақпараттық-насихат тобы келеді
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бейсенбі, қыркүйектің 9-ы күні Павлодар облысына Президенттің «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру үшін республикалық ақпараттық-насихат тобы келеді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасында.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған насихат тобының құрамында министрліктер мен ведомство өкілдері бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының облыстық филиалында жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізеді.
Жұма, қыркүйектің 10-ы күні В.Божко Ақсу қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімшесінде болады. Еуразиялық энергетикалық корпорация ұжымымен, қала тұрғындары және белсенділерімен кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.