Павлодарлық 2 мың студент «Жасыл ел» жасағында еңбек етеді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ертіс-Баян өңірінде «Жасыл елдің» ХХ еңбек маусымы басталып кетті. Биыл экологиялық және құрылыс жасағында шамамен 2 мыңдай студент еңбек етеді деп жоспарланып отыр.

Павлодарлық 2 мың студент «Жасыл ел» жасағында еңбек етеді
Фото: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

Бұл туралы «Жасыл ел» өңірлік штабының директоры Русана Сулаймонова хабарлады.

«Павлодар қаласында колледж студенттерінен 15 экологиялық жасақ құрылып, олар көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Олардың еңбекақысы – 60-70 мың теңге көлемінде. Ал университеттердің студенттері құрылыс жасақтарына барып, айына шамамен 100-110 мың теңге табыс табады», - деп атап өтті ол.

Қазірдің өзінде еңбек жасағына бір мыңдай студент жазылып үлгерген.

Еске сала кетейік, Павлодар жастары Қаныштың ізімен аттанды. 

Соңғы жаңалықтар