Павлодарлық колледжде заманауи химиялық зертхана ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Болашақ химиктер үшін жаңа құрғату шкафтары, центрифуга, колба қыздырғыштар мен қымбат рефрактометр сатып алынды. Студенттер мұнда отын және глиноземмен тәжірибе жасап, ерітінділердің концентрациясы мен заттардың оптикалық тығыздығын анықтай алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Павлодарлық колледжде заманауи химиялық зертхана ашылды
Фото: Kazinform

Павлодар химико-механикалық колледжі үшін зертхана мен жаңа оқу бөлмесін толық жабдықтау үшін 53 миллион теңгеге жуық қаражат қажет болды. Жобаны толық қарджыландырған KAZ Minerals Тобы.

Павлодарлық колледжде заманауи химиялық зертхана ашылды
Фото: Наталья Зинченко

- Бұл жыл жұмысшы мамандықтарының жылы екені мәлім. Біз механик, электрик, техниктерге ерекше сенім артамыз, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Олардың білім сапасына баса көңіл бөлінеді. Студенттердің біздің өндірістегі заманауи құрылғыларды қолданғаны маңызды. Сонда олар колледж бен университетті тәмамдағаннан кейін бірден жұмысқа кірісе алады. Яғни, заманауи құрылғылар болашақ химиктердің біліктілігіне тікелей әсер етеді, - дейді «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС директоры Джейми Энтони Каратти.

Павлодарлық колледжде заманауи химиялық зертхана ашылды
Фото: Наталья Зинченко

Компания сондай-ақ колледждердің студенттеріне үнемі гранттар бөліп келеді. Бүгінде Павлодар химико-механикалық колледжінде бес студент KAZ Minerals Тобының гранты бойынша білім алып жатыр. Солардың бірі – Самал Темірова. Ол қазір бірінші курста. Болашақта өз мамандығы бойынша жұмыс істеріне үмітті.

- Менде грант алу мүмкіндігі болды және оны ұтымды пайдаландым. Химия мектеп кезінен ұнайды, сол себепті осы мамандықты таңдадым. Болашақта сұранысқа ие, табысты химик болғым келеді. Бізде жаңа зертхананың ашылғаны қуантады. Енді түрлі тәжірибе жұмыстарын жасаймыз, - дейді студент.

Павлодарлық колледжде заманауи химиялық зертхана ашылды
Фото: Kazinform

Қазірше Самал жаңа қондырғыларды сынап көрген жоқ, себебі мұндағы практикалық дәрістер екінші курстан басталады.

- Бүгін біздің әлеуметтік серіктесіміз KAZ Minerals Bozshakol компаниясының қолдауымен жабдықталған органикалық зертхананың салтанатты ашылуы өтеді. Бұл жобаға 52 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Мұнда технолог-лаборанттарға дәріс өткізіледі, - дейді колледж жетекшісі Иран Бектеміров.

Қазір колледжде 635 студент оқиды, және олардың басым бөлігі еліміздегі ірі өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істеуді жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар