Павлодарлық түлектер тегін техникалық және кәсіптік оқумен 100% қамтылады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңірде 21,9 мыңнан астам студент білім алатын 42 колледж жұмыс істейді.

Металлургия, IT, автоматтандыру: Жезқазған политехникалық колледжі қандай мамандықтарға басымдық береді
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау 6250 орынға дейін ұлғайтылды.
Ертіс бойындағы колледжердерді техникалық жаңғырту дайындығы жоғары деңгейді көрсетіп отыр.

— Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қарқынды даму үстінде. Өңірде 21,9 мыңнан астам студент білім алатын 42 колледж жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау 6250 орынға дейін ұлғайтылды. Оның ішінде 9-сынып түлектерін 100% тегін техникалық және кәсіптік оқумен қамту жоспарланған. Бұл ретте жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждердің материалдық базасын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінді, бұл сұранысқа ие мамандарды даярлауда өңірдің позициясын нығайтады, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар