Қоқыс жинауды ұнатады: Павлодарлықтың үйін тазартуға тіркемесі бар КамАз керек болды
Павлодар тұрғынының пәтерінен тіркемесі бар КамАз-бен қоқыс шығарылды. Кazinform бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Қасымхановқа тұрғындар қоңырау шалып, көршісінің пәтерін қоқыстан тазартуға көмек сұраған.
Полицей Кривенко көшесі, 81 мекенжайындағы пәтерде 57 жастағы ер адам тұратынын анықтаған. Ер адамның бір бөлмелі пәтерде қоқыс жинайтын әдеті бар болып шықты.
«Көршімізде құбыр қатып қалды. Сондықтан үйде жылу болған жоқ. Біз оның пәтерінің есігін қақтық, бірақ есікті ашпады», - дейді көршілер.

«Әкімдікке қоңырау шалып, бұл мәселені дереу шешуді және қоқысты шығаруға жәрдемдесуді сұрадым. Әкімдік тіркемесі бар КамАЗ көлігін бөлді. Бірнеше күн бойы пәтерден қоқыс шығардық. Содан кейін сантехник құбырды жөндеп, жылуды қосты», - дейді учаскелік полицей Жәнібек Қасымханов.