08:06, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодарлық 30 әлеуметтік дүкен мен 4 базарда азық-түлік өнімдері төмен бағаға сатылады
ПАВЛОДАР. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарлықтар 30 әлеуметтік дүкен мен 4 базардан азық-түлік өнімдерін төменгі бағаға ала алады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Арзандатылған өнімдер облыстың тұрақтандыру қорынан келіп түседі.
«Қала әкімдігі көтерме сауда иелерімен бұл дүкендерде өнімдерді делдалсыз, тікелей жеткізу жөніндегі келісімге қол қойды, - деп атап өтті Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары Қайрат Түсіпбаев. - Әлеуметтік дүкендерде тауарларға сату бағасы 10 пайыздан аспайды. Бұл азық-түлік түрлеріне 33 теңгеден картоп, қырыққабат сәбіз, пияз, келісі 48 теңгеден 1 сұрыпты ұн және шемекі майы кіреді».