Павлодарлық 72 отбасы қоныстойларын тойлады

ПАВЛОДАР. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарда 72 отбасы қоныстойларын тойлады.
None
None

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған тоғыз қабатты үйдегі пәтерлердің кілттерін облыс әкімі Ерлан Арын тапсырды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

«Бүгінде қазақстандықтарға тұрғын үйді сатып алу үшін жағдайлар жасалуда. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында қойылған азаматтардың әл-ауқат деңгейін арттыру жөніндегі міндеті шешілуде», - деп атап өтті әкім.

Павлодар облысында «Қолжетімді баспана» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде - пайдалануға 78 мың шаршы метр баспана беріліп үлгерді. Биыл 18 көпқабатты үйді салу жоспарлануда, соның ішінде жеті ғимарат Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі бойынша салынады.

Соңғы жаңалықтар