Павлодарлық Александр Медведев Рио-дағы жазғы Паралимпиадалық ойындарда ел намысын қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық паралимпиадалық комитеті павлодарлық Александр Медведевке Рио-де-Жанейрода өтетін ХV жазғы Паралимпиада ойындарына садақпен ату сайысына жолдама берді.
None
None

Бұл туралы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Кольев мәлім етті, деп хабарлайды pavloadrnews.kz.

«Александр Медведев 1972 жылы туған.  Ол пневматикалық қарудан оқпен атудан, жүзуден және садақпен атудан спорт щебері. Соңғы екі жылда қимыл-тірек аппараты бұзылған спортшылар арасында өткен Әлем кубогы мен Әлем чемпионаттарына қатысып келген. Осылайша, екі жылдың қорытындысы бойынша Александр 20 үздік спортшылардың қатарына кірген. 2006 жылдан бері ол оқ атудан, бірнеше жыл бұрын жүзуден және қазіргі уақытта садақпен атудан Қазақстан құрамасының қатарында. Комитет Медведевтен басқа тағы екі үміткерді қарағаны белгілі. Бірақ біздің спортшының оларға қарағанда нәтижесі әлде қайда жоғары. Ол өз қатарында  - бірінші», - дейді Олег Кольев.

Ведомстово басшысының айтуынша, Александр Медведев соңғы 20 жылдың ішінцде Паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын екінші адам. 1996 жылы Атлантада өткен Паралимпиадада екібастұздық пауэрлифтші Анатолий Колодюк 13 орынға ие болған.

2016 жылдың қыркүйегінде болатын Паралимпиада ойындарында садақтан оқ атуға әлемнің түпкірінен келетін 32 спортшы қатысады. Жалпы Паралимпиада комитетінің мәліметінше, Рио-де-Жанейроға 179 мемлекеттен 4350 спортшы қатысады деп күтілуде.   

Соңғы жаңалықтар