Павлодарлық әскери даңқ мұражайында жаңа экспозиция ашылды

ПАВЛОДАР. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық әскери даңқ мұражайында жаңа экспозиция ашылды.
None
None

Қазіргі облыстық өлкетану мұражайының бөлімшесі соғыс жылдарында вокзалдың күту залы болған екен. Осы жерден павлодарлық жас жігіттер мен ерлерді майданға шығарып салған.

Аталмыш жаңартылған экспозицияда суреттер мен плакаттар, сондай-ақ құжаттар мен мұрағаттық материалдар, майданнан келген Ұлы Отан соғысы жайлы сыр шертетін хаттар павлодарлықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлестерінің куәсі іспеттес.

Мұражайдың жанындағы алаңда ең ірі экспозиция ретінде Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың жауынгерлік зеңбірегі тұр.

Қайта жөндеуден өткен мұражайдың ашылуына соғыс ардагерлері, өлкетанушылар, тарихшылар мен оқушылар қатысты.

Бұл экспозиция ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар