Павлодарлық азамат моральдық зиян келтіргені үшін үш банктен 600 мың теңге алады

Кассациялық сот алқасының шешімі осындай болды, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Қала тұрғынының сотқа шағымдану үшін себеп банктердің несиелер бойынша қарызды өтеу бойынша талай рет жасаған талаптары болды. Бірақ ер адам банктерден ешқандай қарыз алмаған еді. Ақша оның атына жасалған жалған куәлік бойынша алынды. Шынайы борышкерді полицейлер анықтады, ол алаяқтығы үшін 2008 жылдың наурызында сотталды.
Алайда банктер жәбірленушіден ақшаны қайтаруды талап етуді жалғастырды. Оның қаржыгерлерге түсініктемелері қабылданған жоқ, олар ескертпелерін жіберуді, жұмысқа хабарласуды жалғастыра берді.
Павлодарлық азамат сотқа ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау, сондай-ақ моральдық зиянды төлету туралы өтінішімен шағымданды. Павлодарлық қалалық сот, содан кейн апелляциялық сот алқасы оның арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Бірақ кассациялық инстанция бірінші және апелляциялық инстанциядағы соттар материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын анықтады. Жауап берушілер жоқ қарызды өтеуді талап ету арқылы заңсыз әрекет жасады.
Кассациялық сот алқасының қаулысы бір жылдың ішінде Жоғарғы сотқа шағым арыз бере алады және наразылығын білдіре алады.