16:18, 22 Ақпан 2017 | GMT +5
Павлодарлық балалар жазғы демалыста саяжайға дейін көлікте тегін жүреді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар әкімдігі автобус парктерімен балаларды жазғы демалыста саяжайға дейін тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық көлік саласындағы компаниялардың иелерімен болған кездесуде 2017 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында 7 мен 15 жас аралығындағы балаларды саяжайға дейін тегін тасымалдау жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Балалар мен жасөспірімдерді тегін тасымалдау туралы ұсыныс Павлодар әкімінің халықпен есептік кездесуінде айтылған болатын. Тегін тасымал балалардың демалыс кезіндегі бос уақыттарын ұйымдастыру, денсаулықтарына пайдалы іспен айналысуларына және экологиялық мәдениетті бойларына сіңіру мақсатында енгізіледі, делінген хабарламада.