11:01, 08 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодарлық белсенді жастар көпбалалы және жалғызбасты аналарға гүл шоқтарын сыйлады
ПАВЛОДАР. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының павлодарлық филиалының мүшелері көпбалалы және жалғызбасты аналарға хризантема гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Белсенді жастар бірінші кезекте қолдауға және көңіл бөлуге мұқтаж отбасыларды құттықтады. Әйелдер күні қарсаңында «болашақтық» жас жігіттер осындай отбасыларда болып, олардың көңілдерінен шыға білді. Олар әйелдерге шай дастарханының ыдыс-аяғын, тәтті тағамдар мен гүл шоқтарын әкелді. Әйелдер мұны наурыздың сегізіне жасалған ең үлкен сыйлық деп біледі. Ұйымның көшбасшысы Мирхат Серікбаев бұл сыйлықтардың «Болашақ» коммерциялық емес ұйымының студенттері мен оқушы жастарының жарналарына сатып алынғанын айтты.