09:24, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Павлодарлық бес азамат «Жас кадрлар резерві» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды
ПАВЛОДАР. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық бес азамат «Жас кадрлар резерві» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жариялаған конкурсқа жүздеген жас қатысты. Ақтық кезеңге 32 адам шығып отыр, олардың бесеуі - павлодарлықтар. «Жас Отан» павлодарлық жастар қанатының атқарушы хатшысы Руслан Рахымжановтың айтуынша, елді инновациялық дамытуға бағытталған ғылыми жобалары жас павлодарлықтарға жеңіс әперіп отыр. Конкурстың қазылар алқасы ізденушілердің идеяларын, олардың білімдері мен біліктіліктерін жоғары бағалады.
Финалистер Астанада оқып, тәжірибеден өтеді және мемлекеттік басқарушылар мен партиялық ұйымдастырушылардың кадрлық резервіне кіретін болады.