Павлодарлық бишілер Словакиядан жүлделі оралды

ПАВЛОДАР. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Эстрадалық бидің «Блэйз» үлгілік студиясы Словакияда өткен «Тау шоқжұлдызы: Талпыныс, Қиял, Самғау» атты VIII Халықаралық балалар және жастар шығармашылығының байқауынан табысты оралды,
None
None

деп хабарлады павлодарлық Оқушылар сарайынан.

Липтовски-Микулаш қаласындағы қазылар алқасының құрамында атақты педагогтер, әртістер мен еуропа елдерінің композиторлары болды.

Павлодарлық бишілер өздерінің таланты мен шеберліктерін көрсете білді - ансамбльдің жоғарғы буыны 1-ші дәрежедегі лауреат атанса, кіші құрамы 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазылар алқасының «Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» атты арнайы жүлдесін «Блэйз» студиясының тұрақты көркемдік жетекшісі Любовь Корнюхина иеленді.

Жыл сайын ансамбльдің репертуары көрермендердің ыстық ықыласына бөленетін жарқын композициялармен, заманауи стильдегі ұлттық билермен, театрландырылған хореографиялық миниатюралармен толықтырылады.

Балалар ұжымының халықаралық фестивальдарда жеңіп алған жүлделерінің саны артуда.

Соңғы жаңалықтар