Павлодарлық «БО-НА» ЖШС инновациялық залалсыздандырушы препараттар түрлерін шығаруды көбейтуде (ФОТО)

Өткен жылдың қазанында іске қосылға кәсіпорын тиімділігі жоғары залалсыздандыру препараттарының 10 түрін шығаратын болды.
«БО-НА» ЖШС ҮИИД және «Саламатты Қазақстан» бағдарламаларының жүзеге асуы аясында құрылған.
Кезінде халықаралық ғылыми-техникалық орталығы қауіпті қауіпті ауруларға қарсы тұра алатын жаңа тиімді препараттарды құрастыру үшін шамамен 300 мың доллар көлемінде грант бөлген. Жергілікті ғалымдар 3 жылдық зерттеу бағдарламасын жүзеге асырып, өз рецептурасын құрастырып, оны патенттеп, дезостерилөніміне тауарлық белгі алған. Бұл препаратты «БО-НА» ЖШС шығара бастады. Өндіріс құрылысы үшін 53 млн. теңгені Ұлттық технологиялық даму агенттігі бөлді. «Дезостерил барлық инфекцияларға қарсы тұра алады, оны бактериялар, вирустар, қотырлар мен туберкулезге қарсы өңдеуде пайдалануға болады. Оның құрамында хлор жоқ. Онымен элеваторларды, сөрелерді тазартқанда, аурухана киімдерін жуғанда пайдалануға болады», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы Борис Шаров. Қуаттылығы жылына 120 тоннаны құрайтын өндірісте 10 түрлі құрал шығарылады. «Біз өнімді әлемдегі үздік үлгілерге қарап шығарамыз. Бұл бағытта алғашқы қатарда келеміз, - деді Б.Шаров. - Кәсіпорнымыз импорттық құралдарды ығыстыру мақсатында ашылды». Оның сөзіне қарағанда, «БО-НА» ЖШС өнімінің сапасы туберкулез бациллаларын жоюға мүмкіндік береді. «Асқынған жағдайда туберкулез таяқшаларына дәрілер қарсы тұра алмайды. Алайда біздің дезостерил онымен күресуге қауқарлы. Біздің барлық Ұлттық орталықтарда жүргізілген зерттеулер препараттардың тиімділігін көрсетті», - деп қосты кәсіпорын басшысы. Борис Александрович өндіріс жұмысының сәтті болуына бірнеше фактор әсер етеді. «Біріншіден, біз «Павлодар» АЭА мүшесіміз. Шығынымыз өзге өндірушілерге қарағанда аздау, бағамыз бәсекелестеріміздікіне қарағанда төмендеу. Алайда кей компоненттерді шетелден аламыз. Еңбек өнімділігіміз және тиімділігіміз жоғары - 100-ден 200 пайызға дейін», - деді Б.Шаров. «БО-НА» Томск политехникалық университетінің нано-орталығымен және ТМУ катализ зертханасымен (РФ) бірлесіп залалсыздандыру құралдарының жаңа түрлерін шығару бойынша ғылыми жұмыстарын жалғастырып жатыр. Биыл кәсіпорын препараттың тағы 10 түрін шығаруды көздеп отыр, деп хабарлады Б.Шаров.