Павлодарлық бұрынғы полицей қылмыс жасағаннан 9 жылдан кейін сотталды

ПАВЛОДАР. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың Солтүстік ішкі істер бөлімінің бұрынғы қызметкері тоғыз жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, бес жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
None
None

Сот тергеуі анықтағандай, әлгі полицей 2001 жылдың қыркүйек айында әріптесімен бірге және куәгерлердің көз алдында бір азаматты заттай айғақпен ұстаған. Кейіннен анықталғандай, әлгі азаматтың қалтасынан табылған бес патронды тәртіп сақшыларының өздері салған болып шықты. Полицей тәркілеу хаттамасын толтырып, әлгі азаматты ішкі істер бөліміне жеткізген.

Жауап алу кезінде әлгі азамат өзінің мойнына қойылған машина ұрлау және қалтасынан патрондар тәркілеу сияқты кінәларды мойындамаған. Дегенінен қайтпаған соң, полицейлер әлгі азаматты токпен азаптаған. Бір сағаттан астам уақыттан кейін азапқа шыдамаған әлгі азамат бар құжаттарға қол қойған.

Келесі күні ол азамат прокуратураның қаулысымен босатылған, ал оны азаптауда пайдаланылған ток генераторы тәркіленген. Азаптаушылардың бірі 2002 жылы бес жылға сотталса, екіншісі қашып кетіп, оған іздеу жарияланған болатын. Бұрынғы полицей тек тоғыз жыл өткен соң ғана, 2010 жылдың қазан айында құқық қорғау органдарына өзі келіп, кінәсін мойнына алған.

Соңғы жаңалықтар