Павлодарлық дихандар көкөніс өнімдерін жинауда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысының көкөніс шаруашылықтарында сәбіз, қызылша, қияр және қызанақ өнімдері жиналуда, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасынан.
None
None

3,5 мың гектарды алып жатқан алқаптың әр гектарынан орта есеппен 184 центнер өнім жиналуда, қазіргі таңда 1,6 мың гектардың өнімі жиналып қойды.

Сегіз мың гектар жердің картобы жиналды, әлі тағы 5 мың гектардың өнімі бар. Картоптың орташа шығымдылығы 170 центнер/гектарды құрап отыр.

Жиналған өнімдер аймақтағы жалпы сыйымдылығы 70 мың тоннадан асатын 77 көкөніс сақтау қоймасына қойылады. Оған қоса, Ақтоғай және Павлодар аудандарында жалпы сыйымдылығы 11,5 мың тоннаны құрайтын тағы екі қойма пайдалануға берілмек. Жиналып жатқан көкөністердің бұл қоры қысқы және көктемгі мезгілдерде өнімдердің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар