Павлодарлық ғалымдардың жобаларын Еуроодақ қаржыландыратын болды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қазанда алтыншы рет өткен «Темпус» бағдарламасы байқауының нәтижесі мен Еуропалық Комиссияның аудио және мәдени білім беру жөніндегі орындаушылық агентігінің шешіміне сәйкес үздік жобаларды қаржыландыру мақсатында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 3 жобасы таңдап алынды.
None
None

Бұл туралы аталған ЖОО-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Таңдап алынған жобалар:

1) «Адамдардың дамуы арқылы білім беру ұйымдарының дамуына әсері»;

2) «Қазақстан және Ресейдегі дәстүрлі тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, өндіруі және маркетингтік жұмыстары бойынша магистрлік бағдарламаларды енгізу»;

3) «Өндірістің алдыңғы қатарлы жүйесін әзірлеу және дамыту бойынша магистрлік деңгейдегі жоғары білікті инженерлерді қалыптастыру әдіснамасы».

«ТЕМПУС» бағдарламасы - Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Батыс Балқан мен Жерорта теңізі өңірлері сияқты серіктес елдердің жоғары білім беру жүйесін жаңғырту үдерістерін қолдауға және жоғары оқу орындары арасындағы іскерлік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Еуропалық Одақ бағдарламаларының бірі. Ол Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істейді.

Бағдарламаның басты мақсаты Еуропалық одақ пен олардың серіктес елдеріндегі жоғары оқу орындары жүйесінде ынтымақтастық орнату болып табылады.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаевтың айтуынша, мұндай бағдарламаларға қатысу халықаралық ықпалдастықта, өзін-өзі жетілдіруде және ашықтықта оқу орнының әлеуетін көтеруге ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар