Павлодарлық кадеттер мергендіктерін көрсетті

ПАВЛОДАР. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Мамандандырылған кадеттік мектеп-интернаттың командасы спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстардың жеңімпазы атанды,
None
None

деп хабарлады Павлодар облыстық білім беру басқармасынан. Кадеттерге ауыспалы кубок пен бірінші дәрежелі диплом табысталды.

Бес жыл бойы жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл сайысқа дарынды балаларға арналған сегіз облыстық мектептің командалары қатысты.

Оған қатысушы барлық жасөспірімдер Калашников автоматының құрылысын жақсы меңгерген, қаруды тез бөлшектеуді және құрастыруды, оқсауытты оқтауды біледі. Балалар оқ ату және денешынықтыру дайындығы жарыстарына үлкен ынтамен қатысты.

Жүлдегерлер арасында Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның және көпсалалық лицейдің командалыр бар.

Соңғы жаңалықтар