18:48, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Павлодарлық қаламгерлер облыс әкімінің сыйлығын алды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық әкімдігінде әдебиет қайраткерлеріне құрмет көрсетілді. Өңір басшысы Қанат Бозымбаев ақындар мен жазушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға сыйлық табыс етті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Павлодар облысы кен байлықтарына, энергетикалық ресурстарға ғана емес, дарынды тұлғаларға да бай өлке. Сіздерге, құрметті жазушылар ерекше жауапкершілік жүктелген. Қоғамның мәдени құндылығын алға жылжытатын да өздеріңіз боласыздар. Биылғы жылы Қазақстан Жазушылар одағы 80-жылдығын атап өтті. Осы айтулы мерейтоймен құттықтай отырып, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер дегім келеді», - деді Қанат Бозымбаев.
Кездесуге өңірдің, республиканың белгілі ақындары мен жазушылар шақырылды, олар: Арман Қани, Виктор Семерьянов, Сүлеймен Баязитов, Юрий Поминов, Байбосын Сайлау, Жанаргүл Қадырова, Қуандық Жүсіпов, Қоғабай Жұмағали, Ақын Алақан және Ғалымбек Жұматов.