Павлодарлық қаржы полицейлері 404 мың жалған теңгені «сатып алды»

ПАВЛОДАР. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы бір топ адаммен алдын ала келісіп, Павлодар облысының аумағында жалған ақша қағаздарын шығарумен және сатумен айналысқан азаматтың қылмыстық қызметіне балта шапты.
None
None

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өз құны екі мың теңгелік 202 жалған банкноттарды 404 мың теңгеге «сатып алу» 25 наурыз күні өткізілді. Жалған ақша шығарушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, сот санкциясымен ол қамауға алынды.

Оған дейін бір апта бұрын қаржы полицейлері жалған ақшаны шығару және сату бойынша цехтың қызметін анықтап, тоқтатты. Ұйымдастыру техникасын қолданумен өз құны екі мың теңгелік банкноттарды шығарған азамат анықталды.

Жалған ақшаны сату орындары мен қылмыстың болуы мүмкін сыбайластарын іздеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар