18:44, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодарлық қаржы полициясы өткен жылы 102 сыбайлас жемқорлық қылмысты әшкереледі
ПАВЛОДАР. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өткен жылы анықталған 202 сыбайлас жемқорлық қылмыстың жартысынан астамы - қызметтік өкілдіктерін теріс пайдалану, бюджеттік қаражаттарды ұрлау және пара алу.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олармен күрес - қаржы полициясының жедел-қызметтік жұмысындағы негізгі басымдық.
Қаржы полициясының тергеушілері Павлодар қалалық ІІБ-ның полиция бөлімінің учаскелік инспекторына қарсы қылмыстық істі тергеуде. М. деген азаматты мерзімінен бұрын шартты босату материалын дайындамағаны үшін ол соңғысынан жалпы сомасы 50 мың теңге көлемінде ақша алды.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері өткен жылы 482 қылмысты анықтады, сотқа 317 қылмыстық іс жіберілді, аяқталғандары бойынша анықталған шығынның сомасы 5,9 млрд. теңгені құрады, соның 104 млн. теңгесі өтелді.