12:32, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Павлодарлық Қаржы полициясы өткен жылы пара алудың 46 фактісін анықтады
ПАВЛОДАР. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық Қаржы полициясы өткен жылы пара алудың 46 фактісін анықтады, ол көрсеткіш оның алдыңғы жылдан 24-ке көп, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Пара алғаны үшін Екібастұз қаласының Жер қатынастары бөлімінің бас маманы сотталды. Сонымен қатар, пара алу кезінде Ақсу қалалық көші-қон полициясының аға инспекторы, Шідерті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, Павлодар қалалық ТЖ жөніндегі басқармасының өрт-қадағалау қызметінің аға инженері құрықталды.
Қаңтар айында Қаржылық қадағалау инспекциясы бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол мемлекеттік сатып алулар бойынша аяқталмаған жұмыс ауқымдарын жасырғаны үшін коммерциялық және мемлекеттік құрылымдардың басшыларынан пара бопсалағаны үшін құрықталды.