10:53, 16 Наурыз 2016 | GMT +5
Павлодарлық кәсіпкер Дубайға бір тонна қымыз жөнелтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы ірі қымыз өндіруші «Сағып» шаруа қожалығы Біріккен Араб әмірліктеріндегі кәсіпкерлерден бір тонна шипалы сусынға тапсырыс алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

- Дубайдағы ірі сауда желісіне қымыз тасымалдау жөнінде келісімшарт жасап, логистикалық мәселелерді реттеп жатырмыз. Жуырда қымыздың жарты тоннасы Мәскеудегі «Бауырсақ» супермаркеттер желісіне жеткізілді. Сондай-ақ, Қытай елінің нарығына алты тонна қымыз жіберген болатынбыз.
Бұдан басқа, Пекин қаласындағы бір кәсіпкерден тапсырыс алдық. Шаруашылықта 200-ге жуық бие бар, - дейді Төлеу Құшманова.
Шаруа қожалығы иесінің айтуынша, мұнда тәулігіне 800 литр қымыз бен 100 келі құрт әзірленеді. Бүгінде өндіріс толық автоматтандырылған жүйеге көшкен. Барлығы 15 кәсіби маман жұмыс істейді.