Павлодарлық кәсіпкерлер Минскіде 7 млн.-нан астам теңгенің келісімшарттарына қол қойды

ПАВЛОДАР. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарлық кәсіпкерлердің делегациясы Минск қаласында жеті миллионнан астам доллар сомасына екі кілісімшартқа және әріптестік туралы 16 құжатқа қол қойды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бизнесмендер делегациясын облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов бастап барды.

БР министрліктерінің, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарының, ғылыми және білім беру орталықтарының басшыларымен өткен іскерлік кездесулердің барысында Павлодар облысының Беларусь Республикасымен ынтымақтастығын кеңейту келешегі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Павлодар облысының әкімдігі мен Минск облыстық атқарушы комитеті арасында 2013-2014 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар