13:05, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Павлодарлық «Каустик» АҚ-да хлор төгілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Каустик» АҚ №1 цехында ақаулық орын алды. Бұл туралы хабар 31 мамырда сағат 18:25 келіп түсті, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Хлор сақталған қоймада шамамен 200 келі төгілген. Хлор көлемі артқан уақытта автоматты түрде іске қосылған жабдықтың арқасында оның ғимараттың сыртына таралуына жол берілген жоқ.
Бұл оқиға тұрғындарға қауіп төндірмеді. Оқиға орнында «Каустик» АҚ арнайы құрылымдары, «Өрт сөндіруші» АҚ құрылымдары, Павлодар облыстық ТЖД-дан үш техника мен 22 адам жұмыс жасады.
Хлордың төгілуі сол күні сағат 18.30 тоқтатылды. Төтенше жағдай 01.06.2015 ж сағат 6.15 толық жойылды. Жапа шеккендер жоқ.