Павлодарлық «Кереку» ансамблі «Күншуақ» республикалық фестивалінде бас жүлдеге ие болды

ВЛОДАР. 19 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жас музыкантшылар - «Дарынды балаларға арналған музыкалық интернат-колледжінің» оқушылары республикалық «Күншуақ» байқауында өнер көрсетіп,
None
None

15 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлады білім басқармасынан.

Байқаудың бас жүлдісі жас мұғалім Рүстем Таттымбекұлы басқаратын «Кереку» қазақ халық аспаптары ансамбліне бұйырды. Балалар ұжымының әртістік қабілеттілігі мен жоғары кәсіптік деңгейі аталып өтілді.

Қазылар алқасы байқаудың бірінші орындарын «Ұлар» домбырашылар және «Самұрық» қобыз ансамбліне берді. Орындаушылардың ішінде алғашқы жүлделерді домбырашы Дарина Ермекбаева, Дария Темірхан және Темірлан Олжабай, шертер тартатын Ілияс Мұратов пен пианист Салтанат Ұздымбаева олжалады.

«Күншуақ» фестивалінде Қазақстанның барлық облыстарынан 200-ден астам орындаушылар қатысты. Орындаушылардың шеберлігін өнер қайраткерлері мен біліктілі жоғары мамандар бағалады. Жас музыканттар өздерінің жеңістерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.

Соңғы жаңалықтар