Павлодарлық «көшпелі мұражай» облысты аралауда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс тұрғындары енді Павлодарға келмей-ақ, тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлерімен таныса алады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауыл тұрғындарын жәдігерлермен «Көшпелі мұражай» таныстырады. Мұражай қызметкерлері жақында көшпелі көрмені Баянауыл ауданының тұрғындарына апарып көрсетті. Көрме жәдігерлерінің қатарында ? археологиялық олжалар, өткен дәуірлерден жеткен тұрмыстық заттар, қазақтар мен қоныс аударған орыстардың қолданбалы өнер жәдігерлері, 1861 жылы Павлодарға тұз әкетуге келген алғашқы пароходтың макеті, т.б. бұйымдар бар. Облыстық мұражайдың қызметкерлері Баянауылдағы Қаныш Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайдағы әріптестеріне қазақтың ұлы ғалымының кітаптары мен каталогтарын табыс етті. «Көшпелі мұражай» жылда жаз айларында алыс ауылдарға жолға шығады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум