Павлодарлық «KSP-Steel» ЖШС-інде құрыштың вакуумдық газсыздандыру қондырғысы орнатылды

Жаңа агрегаттың іске қосылуы аса жоғары маркалы металдарды шығаруға, тігіссіз құбырлардың сапасын арттыруға және жаңа халықаралық рынокқа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жобаның жүзеге асырылуына кәсіпорын 750 млн. теңге қаржы жұмсап отыр. Құрылғылар мен технологияларды италияндық «Siderengineering» компаниясы ұсынды.
«Вакуумдалған құрыш ірі әлемдік мұнай өндіруші компанияларға экспортталатын саңлаусыз муфталық қиюласатын «Премиум-класстық» құбырларды өндіруді игеруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті кәсіпорын директоры Эдуард Креймер. - Облыс үшін бұл жобаның маңызы үлкен , жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке салықтық төлемдер арта түседі. Аймақта 2010-2014 жылдары 42 қаржылық жоба жүзеге асырылып, бұл бізге сегіз мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек».