Павлодарлық мектеп 50 жылдық мерейтойын атап өтті

ПАВЛОДАР. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы №17 мектепке 50 жыл толды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мектептің мерейтойына жиналған педагогтар мен бұрынғы оқушылар өткенді еске алды, білім ошағының келешегін сөз етті. - Осыдан 50 жыл бұрын Павлодарда ағаштан тұрғызылған шағын ғана ғимаратта №17 мектеп ашылған болатын. Бас кезінде мұнда тек бастауыш сыныптар болған, жаңа типтік ғимаратқа ауысқаннан кейін білім ошағы орта мектепке айналды, - деп еске алады оның алғашқы директоры Мария Онищенко. Білім ошағының жетістіктері туралы мұражай жәдігерлері баяндайды. Ондағы суреттерде бәрімізге жақсы танитын тұлғалар тұр ? бұл мектепте Олимпиада жүлдегері Людмила Прокашева, қазақстандық танымал шаңғышылар Денис Кривушкин, Антон Пантов оқыған. Мектеп түлектерінің арасында белгілі педагогтар, ғалымдар, кәсіпкерлер бар.№17 мектеп бүгінде - профильдік білім беретін республикалық экспериментальдық алаң. Мұнда балаларды оқыту барысында инновациялық технологиялар мен жаңа әдістер қолданылады.
Соңғы жаңалықтар