Павлодарлық мектеп оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды
Сәтбаев олимпиадасының қожайындары - павлодарлық мектеп оқушылары табысты білім нәтижелерін көрсетті. Командалар арасында дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей жеңімпаз атанды, екінші орында да павлодарлықтар - Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Жүлдегерлер үштігінде - Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының командасы.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, олимпиада қатысушылары жоғары білім деңгейлерін көрсетті, 47 қатысушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, 8 мектеп оқушысы бірінші орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ноутбуктер, планшеттер және ұялы телефондар тапсырылды.
Якутия мен Моңғолия командалары да жеңіске деген жігері үшін бағалы сыйлықтар алды.