Павлодарлық оқушы халықаралық математикалық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. №8 мектеп-лицейдің оқушысы өзіне берілген қиын есепті мерзімінен бұрын шығарып, жұртшылықты өз біліміне тәнті етті.
Қазақстандық жас «пифагорлар» командасы, павлодарлық оқушының «алтын» жүлдесінің арқасында төртінші орынды иеленді. Андрей дарынды математиктер ұжымындағы көшбасшылық орынды мектепті биыл бітірген Егор Клочковтан қабылдап алып отыр. Егор Мәскеу физика-техникалық институтына емтихансыз оқуға түсті.
Ал №8 мектеп-лицейдің оқушысы Е.Клочков жеңімпаздар эстафетасын кезінде халықаралық олимпиаданың «алтын» медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық Қуат Есеновтен қабылдап алған-тын. АҚШ-тың Массачусетс университетінің магистратурасын аяқтаған Қуат қазір докторантурада оқып жатыр.