11:26, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарлық оқушылар тәтті тоқаштан уланып қалды
ПАВЛОДАР. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы №10 мектеп-лицейдің асханасында «Лакомка» тәтті тоқашын жеп, 9 оқушы ауруханаға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Медиктер тамаққа уланып қалған деген диагноз қойып отыр. Қазіргі уақытта барлық балалар ауруханадан шықты, тамаққа уланудың басқа оқиғалары тіркелмеген. Прокурорлық тексерудің барысы, тәтті нанның мектепке шағын наубайханадан жеткізілгенін анықтап отыр. Зертханалық тексерудің қорытындысы бойынша наубайшыдан стафиллококк инфекциясы табылған. Наубайхана жабылып, жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Ал мектеп-лицейдегі жалға алынған асхананы тексеру барысында тамақ өнімдерінің сақталу шарттары мен өткізілу мерзімдерін бұзу фактілері анықталған. Мамандар асхананың жабдықтарынан ішек ауруының таяқшаларын тауып отыр, асхананың жұмысы да тоқтатылды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мектептегі санитарлық-эпидемиологиялық режимге жауапты медбике мен асхананы жалдаушы кісіні әкімшілік жауапқа тартты. Прокуратура сондай-ақ мектеп директоры мен медбикеге қатысты тәртіптік іс қозғады.