Павлодарлық оқушылардың ғылыми жобалары

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Республикалық ғылыми конкурсқа павлодарлық оқушылардың 62 жобасы қатысады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олар - «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму модельдері» Х облыстық жарысының жеңімпаздары.Облыстық конкурстың ұйымдастырушылары - «Ертіс дарыны» орталығы мен Инновациялық еуразиялық университеті балалардың физика, математика, экономика, экология және тарих пәндері бойынша қызықты жобаларды таныстырғанын атап көрсетуде. Шыңғыс Айтматов пен Мәшһүр Жүсіп Көпейдің шығармашылықтарын, дәстүрлі қазақ қоғамындағы және қазіргі замандағы әйелдің әлеуметтік рөлін зерттеген оқушылар да бар. Жас өнертапқыштар қазылар алқасының назарына мобильді гидроэлектростансасының, тікұшақтың модельдерін және ғаламшарлық стансаларды жасау үшін пайдаланылатын жүк кемелерінің жобаларын ұсынды. Конкурстық комиссия көптеген жұмыстарды перспективалы, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік жағынан маңызды деп танып отыр.
Соңғы жаңалықтар