Павлодарлық он мың оқушы Астана күні қарсаңында «Жас Ұланға» қабылданды

ПАВЛОДАР. 6 шілде. ҚазАқпарат - Астана күні қарсаңында Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті.
None
None

Оқуда, шығармашылықта және спортта озат шыққан балаларға ел байрағы түсіндегі галстуктарды «Нұр Отан» партиясының мүшелері және «Жас Отан» белсенділері, педагогикалық еңбек ардагерлері және құрметті азаматтар тақты. Олар жасұландықтарға Отанын сүюге, Қазақстанның лайықты азаматтары болуға тілектерін білдірді.

Бүгінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарында 44 мыңнан астам мектеп оқушысы бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум