14:29, 25 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодарлық полицейлер 13 жастағы қызды зорлаған күдіктілерді анықтады
ПАВЛОДАР. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодардың «Яблонька» бағбандық шаруашылығындағы саяжайлық үйде белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды зорлаған.

Бұл туралы кеше, түнгі сағат екіде тәртіп сақшыларына жасөспірімнің әкесі хабарлады.
ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел іздестіру жұмыстарының барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, оларды тұтқынға алу бойынша шаралар қабылданды.
Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.