Павлодарлық полицейлер көлік ұрлаған мас жүргізушіні тоқтату үшін темір тұлпармен соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні 27 жастағы павлодарлық жігіт Павлодар ауданы Ольгинка ауылынан «Дэо Матиз» автокөлігін айдап әкетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kzі.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, мас күйінде автокөлікті иемденген жігіт шамамен сағат 00.20-де Павлодар-Лебяжі тас жолында үлкен жылдамдықпен келе жатып, полиция қызметкерлерінің назарына түскен.

- Павлодар қаласының көшелерімен жүрген азамат бірқатар жол ережелерін бұзып, «Тойота Камри» көлігіне соғылған. Бұдан әрі жол апатының алдын алу мақсатында автопатруль № 622 батальоны жол-күзет полициясының старшинасы Асхат Абдрахманов пен кіші сержант Бахтияр Жақиенов көлікті соғып, мас жүргізушіні тоқтатқан, - деп нақтылады ІІД-де.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт Павлодар қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Видеоны Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынды.

Соңғы жаңалықтар
telegram