Павлодарлық полицейлер лаңкестік қауіп туралы лақап ақпарат тарататын тұлғаларды анықтап жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан «қауіптің қызыл деңгейі» туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны туралы жазылған баспасөз хабарламасын таратты.

Павлодарлық полицейлер лаңкестік қауіп туралы лақап ақпарат тарататын тұлғаларды анықтап жатыр

Жағдай тұрақты, бақыланып жатыр.

«Облыс тұрғындары өсекке ермеуі керек. Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда БАҚ өкілдері арқылы хабарлаймыз», -делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер жалған ақпарат таратқан адамдарды іздестіріп жатыр. Заңға сәйкес оларға қатаң жаза қолданылады.

«Мұндай хабарлама таратқан адамдар ҚР ҚК 274 бабына сәйкес («Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату») жазаланады.  Бұл бапта 1000 АЕК көлемінде айыппұл немесе бестен он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», делінген ІІД баспасөз хабарламасында.